Қазақ тілі бойынша тоқсандық жиынтық бағалау
Қазақ тілі бойынша тоқсандық жиынтық бағалау
Мақсаты:
2.1.1.1 — оқыған мәтінінен мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.
2.3.5.1 -жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету, толықтыру
2.4.1.3* — дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және емлесін сақтап жазу.
Критерий:
22.1.1.1 — оқыған мәтінінен мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
2.3.5.1 -жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету, толықтырады.
2.4.1.3* — дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Ойлау деңгейінің дағдылары: түсіну, қолдану.
Тапсырма:
1.Берілген мақалды оқы. Оқыған мәтіндегі қарамен жазылған сөздерден ы,і әрпін алып тастап жаз.
Оқу-білім бұлағы,
Білім-өмір шырағы.
.__________________________________________________________________________
2.Көп нүктенің орнына н, ң әріптерінің тиістісін қой.
Айжан жеті…ші сыныпта оқиды. Айжанны… Арма… деген ағасы бар. Ағасы Айжа…ға ү…емі көмектеседі. Арман- өте жа…ашыр бала.
3. Дұрыс жазылған сөзді тап:
А) жаңбыр Ә) жаннбыр б) жамбыр
4.Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құра:
кесті, атасы, ағаш. қонды, торғай, ағашқа. жауды, жаңбыр.
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5. Берілген сөзге дыбыстық талдау жаса:
Қ-________________________________________________________________________
а-________________________________________________________________________
й-________________________________________________________________________
ы-________________________________________________________________________
ң-________________________________________________________________________
Балл қою кестесі
Критерийлер | Тапсырмалар № | Дескриптор | Балл |
22.1.1.1 — оқыған мәтінінен мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. 2.3.5.1 -жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету, толықтырады. 2.4.1.3* — дауыссыз дыбыс түрлерін ажырату және сөздерге дыбыстық талдау жасайды. | 1-5 | Мақалды оқиды. Қарамен жазылған сөздердің түбірін анықтап жазады. 1 жолдағы сөздің 2 жолдағы сөздің | 1 1 |
Көп нүктенің орнына тиісті н,ң әріптерін қояды. 1 сөйлемнен 2 сөйлемнен 3 сөйлемнен 4 сөйлемнен | 1 1 1 1 | ||
Дұрыс жазылған сөзді анықтайды. | 1 | ||
Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрастырады. 1 сөйлем 2 сөйлем 3 сөйлем | 1 1 1 | ||
Берілген сөзге дыбыстық талдау жасайды. 1-ші әріпті 2-ші әріпті 3-ші әріпті 4-ші әріпті 5-ші әріпті | 1 1 1 1 1 | ||
Барлығы | 15 |